5. 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу
197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кредитор және (немесе) сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайдың болуын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттің заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндіріп алады.
198-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу
1. Бюджеттік кредиттер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті тіркеуге, есепке алуға және оларға мониторинг жүргізілуге жатады.
Бюджеттік кредиттер бойынша осы Кодекске сәйкес бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жүзеге асырылады.
2. Кредиторлар қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) тұрғысында барлық берілген бюджеттік кредиттердің тізілімін жүргізеді.
12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш,
мемлекет кепілгерлігі
42-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет
кепілгерлігі туралы жалпы ережелер
199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, валюталарда және нысандарда өздері дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен тарта алады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарын тарту мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен олардың көлемдерін келісу арқылы жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен оларды бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
4. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
200-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының нарықтарына қарай мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;
2) мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
1) 1 жылға дейінгі айналыс мерзімімен қысқа мерзімді;
2) 1 жылдан 5 жылға дейінгі айналыс мерзімімен орта мерзімді;
3) 5 жылдан артық айналыс мерзімімен ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
1. Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады.
2. Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.
3. Қазақстан Республикасы Yкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік ішкі борыш болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік сыртқы борыш болып табылады.
202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-біpінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады.
203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару:
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда соған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен қызмет көрсетудің көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, жыл сайынғы бағалауды қамтиды.
Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындауын;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тіркеу мен есепке алуды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;
5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөнінде іс-шаралар дайындап, іске асыруын;
6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды қаржы құралдарын (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін нарықта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа да мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуының қаржылық шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген параметрлердің негізінде айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктері және кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәліметтер ашық болып табылады және олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның статистикалық ақпарат нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.
43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы:
1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында;
2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.
206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы:
1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қарыз алудың басымдықтарын айқындау;
3) болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ал мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде - мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы эмитент болып табылады. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелер немесе мемлекеттік ислам бағалы қағаздары түрiнде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болатын, оны ұстаушының қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық мiндеттеме болып табылады.
Жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан түскен табыстарды алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік ислам бағалы қағазы болып табылады.
Мемлекеттік ислам бағалы қағазы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленген исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шығарылады.
Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Несие капиталын сыртқы нарықта орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе олардың шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу
Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемімен шектеледі.
208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қарыз алуы тиісті жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышының лимитін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 211-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өздері жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 212-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
212-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш
213-бап. Мемлекеттік кепілдік
1. Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.