«Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығы (2025.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығы

(2025.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.31.10. № 553 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.07.06. № 260 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.04. № 181 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.07.06. № 260 бұйрығымен тізімі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

2022 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 214 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.