Өкімдердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы № 16 Қаулысы
(2016.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2010.06.09. № 441 Бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2010.01.11. № 86 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2013.12.12. № 573 бұйрығымен және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2013.25.12. № 291 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2016.23.06. № 330 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.08.08. № 172 бірлескен бұйрығымен және қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабының 3-тармағына, 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, сондай-ақ «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына және «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: