(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖ...

2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі

(2024.24.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 129/15 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.05. № 152/17 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 231 797 844 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 207 388 449 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 424 353 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 782 752 мың теңге;

трансферттер түсімі - 15 202 290 мың теңге;

2) шығындар - 239 300 098 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 250 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - нөлге тең;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 381 559 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 381 559 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 880 563 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 880 563 мың теңге.

2. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде облыстық бюджетке 156 268 964 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.

3. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджетінде Павлодар қалалық бюджеттен кенттің, ауылдық округтің және қаланың кейбір ауылдарының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі көзделсін, оның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.