Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығы
(2016.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016.08.07. № 360 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016.08.07. № 360 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабы 12) және 12-1) тарамақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016.08.07. № 360 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
3) тармақша 2026 ж. 1 қаңтарына дейін қолданылады
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2015.31.03. № 242 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)