(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНК ШОТТАРЫНЫҢ БАР-ЖОҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІ ТУР...

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы  туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығы

(2015.31.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту.

ҚР Қаржы министрінің 2015.31.03. № 242 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Әрекетсіз заңды тұлғаға қатысты мәліметтерді беру үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі № 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында № 239(973) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.