Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 Қаулысы
(2026.11.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2026.11.03. № 162 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2026.11.03. № 162 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2026.11.03. № 162 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
ҚР Үкіметінің 2026.11.03. № 162 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсына (таратылуы шектелген ақпаратты қоспағанда) орналастырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2026.11.03. № 162 Қаулысымен тұжырымдама жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 945 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың