Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIII сессиясының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 шешiмi
(2022.30.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.27.01. № 108 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022.04.03. № 118 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII сессиясының 2022.20.06. № 145 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясының 2022.30.09. № 176 шешiмiмен (2022 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 196 055 254,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 941 799 542 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 14 622 953,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 941 344 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 212 691 415 мың теңге;
2) шығындар – 1 155 724 638,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 17 803 551 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 62 881 701 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 63 311 701 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 354 636,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 40 354 636,2 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: