«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 317-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық
шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 122-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі 5) тармақшасындағы «үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.» деген сөздер «үшін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды көздейтін және стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экологиялық туризм саласындағы ұлттық стандартқа сай келетін туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді. Бұл ретте осы жерлерді пайдалану осы Кодекстің 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес те жүзеге асырылуға тиіс.»;

2) 138-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына бұрын кірген босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағы бесінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес туризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған осы жер учаскелерін жеке меншікке беруге жол берілмейді.».

2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

1) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 18-12) тармақшасындағы «мұқтаждықтары,» деген сөз «мұқтажы, балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу,» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 15-баптың 15-2) тармақшасындағы «мұқтаждықтары;» деген сөз «мұқтажы; балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 18-баптың 16) тармақшасы «мұқтажы;» деген сөзден кейін «балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу;» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 31-бапта:

1-тармақ «түрін» деген сөзден кейін «және осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:

«1-3. Сүректі терең қайта өңдеу жөніндегі ірі жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары осы баптың 1-тармағын қолданбай, мемлекеттік орман иеленушімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасуға құқылы.

1-4. Алаңы 100 гектардан астам ірі орман өртінің салдарын жою кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тендер өткізу арқылы, ал осы баптың 1-3-тармағында аталған тұлғаларға тендер өткізбей, ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.

1-5. Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының орманды күзету, қорғау, оның өсімін молайту жөніндегі міндеттемелерді және осы Кодексте белгіленген және уәкілетті орган белгілеген өзге де талаптарды қабылдауы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасасудың міндетті талабы болады.»;

2-тармақта:

бірінші абзацтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Алаңы 100 гектардан астам ірі орман өртінің салдарын жою кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.»;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Осы баптың 1-3-тармағында ірі жоба деп:

сүректі қайта өңдеу көлемі жылына кемінде екі жүз елу мың текше метр болатын;

сүректі терең қайта өңдеу жөніндегі өндірістік қуаты бар;

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жоба танылады.»;

5) 51-баптың 1-1-тармағында:

бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыруға;»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда орман қоры жерлерін ауыстыру кезінде инвестор тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындаған жер учаскелерінде мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен:

1) орманды жерлерде - ауыстырылатын учаске алаңының алты еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және жер учаскелерінде орман дақылдарын отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы оларға күтім жасауды;

2) ағаш өспеген жерлерде - ауыстырылатын учаске алаңының үш еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және жер учаскелерінде орман дақылдарын отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы оларға күтім жасауды жүзеге асырады.».

3-тармақ 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

245-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Теміржолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбыржолдарды, байланыс желілерін, жел электр станцияларын, каналдарды, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастыру, жобалау, салу және пайдалану кезінде жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, миграциясы жолдарын, шоғырлану орындарын сақтауды қамтамасыз ететін және көрсетілген объектілерде олардың қырылуын болғызбайтын іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.».

4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

«13-2) патрондарды өз бетінше құрастыру - меншігінде аңшылық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы және (немесе) спорттық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке пайдалануы үшін патрондар құрастыру;»;

2) 7-баптың 2-тармағында:

3) тармақшадағы «қызметтік» деген сөз «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде міндеттерді шешу үшін жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар инспекторларының қызметтік қаруына орнату жағдайларын қоспағанда, қызметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:

«6-4) өткізу және (немесе) басқа адамға беру мақсатында патрондарды өз бетінше құрастыруға;»;

3) 15-баптың 1-тармағы сегізінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 21-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Қару мен оның патрондарын өндіру. Патрондарды өз бетінше құрастыру»;

мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) меншігінде сақтау мен алып жүруге қолданыстағы рұқсаты бар:

аңшылық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының;

спорттық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруының болуы;

2) аңшы куәлігінің және (немесе) ату спорты түрлері бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разрядынан төмен емес спортшыны тіркеу туралы куәлігінің болуы шарттары бір мезгілде сақталған кезде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын, жеке пайдалану үшін патрондарды өз бетінше құрастыруды жүргізуге құқылы.

Патрондарды өз бетінше құрастыру үшін азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалардан сатып алынған гильзалар, оқтар (бытыра, картечь), капсюльдер (жевело) және аңшылық оқ-дәрі пайдаланылады.».

5-тармақ 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «талаптарға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 9-2-баптың 1-тармағы «талаптардың» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптардың» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) кіріспе алып тасталсын;

2) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) аң-құс өсіру - аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіру;»;

34) тармақша алып тасталсын;

39) тармақшада:

«табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды,» деген сөздер «жануарларды ғылыми-зерттеу мақсатында ен салу, сақиналау және сынамалар алу үшін аулап, оларды кейіннен мекендеу ортасына шығаруды қоспағанда, тіршілік циклінің барлық сатысында табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2) және 55-1) тармақшалармен толықтырылсын:

6-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2027 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

«54-1) жануарлардың лимиттелетін түрлері - аң аулау объектілері болатын жануарлар түрлері, оларды алып қою жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін белгілеуді талап етеді;

54-2) жануарлардың лимиттелмейтін түрлері - аң аулау объектілері болатын, өсімін молайту қарқыны жоғары, кеңінен таралған жануарлар түрлері, оларды алып қою жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін белгілеуді талап етпейді;»;

«55-1) жануарлар түрлері бойынша немесе түрлерінің тобы бойынша іс-қимыл жоспары - бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін немесе жануарлар түрлерінің топтарын сақтауға немесе қалпына келтіруге, ұтымды пайдалануға бағытталған перспективалық іс-шаралар жоспары;»;

6-тармақтың 2) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«64) қорықшы - тиісті даярлаудан өткен және бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын аңшылық және (немесе) балық шаруашылығы субъектісінің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;»;

6-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:

«66-1) құстарды қорғау құрылғысы - электр тогының соғуынан құстардың қырылуын болғызбайтын және электр беру желілерін құстардың тіршілік әрекетінің теріс әсерінен қорғауға арналған құрылғы;»;

3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

«2-1-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері

1. Осы Заңның мақсаттары:

1) жануарлар дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;

2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;

3) адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану.

2. Осы Заңның міндеттері:

1) жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;

2) жануарлар дүниесі объектілерін орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау;

3) халықтың жануарлар дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтауға деген саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру.»;

4) 8-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;

5) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

2) тармақша алып тасталсын:

3) тармақшадағы «жануарлар» деген сөздер «осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-2), 4), 5), 6), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) жануарлар түрлері бойынша немесе түрлерінің тобы бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекітеді;»;

14), 15), 17), 26), 28), 31), 33), 34), 37), 38), 39), 41), 46), 48), 50), 51), 59), 61), 63), 64), 68), 70), 71), 74), 76-1) және 77-3) тармақшалар алып тасталсын;

6) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-17) тармақшамен толықтырылсын:

«5-17) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауды қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына қарай маусымның жалпы ұзақтығын сақтай отырып, аң аулау қағидаларында белгіленген аң аулаудың басталу және аяқталу мерзімдерін неғұрлым ерте және (немесе) неғұрлым кеш мерзімдерге (күнтізбелік он бес күнге дейін) ауыстыру туралы шешім қабылдайды;»;

7) 13-бап 13) тармақшасындағы «тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.» деген сөздер «тәрбиелеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) жануарлар дүниесі объектілерінің санын реттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.»;

6-тармақтың 8) тармақшасы 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

8) 17-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Теміржолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбыржолдарды, электр желілері мен байланыс желілерін, жел электр станцияларын, каналдарды, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастыру, жобалау, салу және пайдалану кезінде жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын, шоғырлану орындарын сақтауды қамтамасыз ететін және көрсетілген объектілерде олардың қырылуын болғызбайтын іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

«4. Құстарға қауіп төндіретін электр беру желілерін құстарды қорғау құрылғыларымен жарақтандырмай жобалауға және салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр беру желілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға жол берілмейді.

Құстарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды және электр беру желілерін құстарға қауіп төндіретін желілерге жатқызу өлшемшарттарын электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.

5. Жел электр станцияларын жобалау кезінде жел электр станцияларының жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігіне әсерін бағалау жүзеге асырылады.

Жел электр станцияларының жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігіне әсерін бағалау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

6-тармақтың 9) тармақшасы 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

9) 19-бапта:

3-тармақ «өсірілген және» деген сөздерден кейін «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1-тармақ «түрлері» деген сөзден кейін «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 22-бапта:

1-тармақ 8) тармақшасындағы «паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер «паспорттау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) жануарларды ен салу, сақиналау және сынамалар алу арқылы кейіннен мекендеу ортасына шығара отырып, олардың өріс аудару жолдарын, генетикасын және ауруларын зерделеу мақсатында жүзеге асырылады.»;

4-тармақта:

бірінші бөліктегі «жануарлар дүниесін пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген» деген сөздер «рұқсат етілген аң аулау құралдарын көрсете отырып, жануарлар дүниесін пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез келген» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгілейді.»;

11) 27-бапта:

1-тармақ 8) тармақшасындағы «ауыстыруға құқығы бар.» деген сөздер «ауыстыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) өздеріне бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлардың жекелеген түрлерін аулау мерзімдерін қысқарту немесе аулауды толық жабу туралы шешім қабылдауға құқығы бар.»;

6-тармақтың 11) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жануарлар дүниесінің пайдаланылатын объектілері санын жыл сайын есепке алуды жүргізуге және есептілікті уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық жүйе арқылы ұсынуға;»;

6-тармақтың 12) тармақшасы 2027 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

12) 29-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Жануарлар» деген сөз «Жануарлардың лимиттелетін түрлерін қоса алғанда, жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 3-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Аң аулау объектілері болып саналатын жануарлар түрлері лимиттелетін және лимиттелмейтін болып бөлінеді, олардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.»;

«3. Жануарлардың лимиттелмейтін түрлерін алып қоюды жануарлар дүниесін пайдаланушылар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүзеге асырады.»;

13) 30-баптың 4-1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «он» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

14) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «алқаптарда» деген сөзден кейін «және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 33-1-бапта:

3-тармақтың бірінші бөлігінде:

7) тармақша «нысанда» деген сөзден кейін «, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың 15) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қорықшыларды тиісті даярлаудан өткізуді;»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қорықшыларды тиісті даярлаудан өткізуді;»;

16) 37-бапта:

4-тармақта:

«Балық шаруашылығын» деген сөздер «Аңшылық немесе балық шаруашылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«балық шаруашылығы» деген сөздер «аңшылық алқапты немесе балық шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтың 16) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол берілмейді, бұған заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе осындай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуы жағдайлары кірмейді.»;

6-тармақтың 17) тармақшасы 2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

17) 38-баптың 5-тармағында:

10) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын (инфрақызыл, электрондық-оптикалық және жылу сәулелі аспаптарды, көздеуіштер мен қондырмаларды қоса алғанда), лазерлік нысана көрсеткіштерді, әртүрлі диапазондағы жарық беретін және дыбыстық электрлік аспаптарды, пилотсыз әуе кемелерін қолдана отырып әуесқойлық (спорттық) мақсатта;»;

«22) торларды қолдана отырып; су құю арқылы іннен шығарып (уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды ен салу, сақиналау және сынамалар алу үшін аулап, кейіннен мекендеу ортасына шығаруды, интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін аулауды қоспағанда);»;

31) тармақшадағы «учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.» деген сөздер «учаскелерінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

«32) саңырау құрды үйірілу орнында қорықшының қатысуынсыз аулауға тыйым салынады.»;

18) 40-баптың 1-тармағының оныншы бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Бұл ретте шартты ұзартуға өтінім аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын беріледі.»;

19) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсімін молайту

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда - жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде де жүзеге асырады.

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде де жүзеге асырады.»;

20) 52-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «объектілерін» деген сөзден кейін «, олардың дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;

21) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:

«52-1-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану

1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары арнаулы құралдармен қамтамасыз етіледі, олардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының арнаулы құралдарды:

1) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық бұзушыларды, қарсылық көрсететін немесе өздеріне қасақана кедергі келтіретін өзге де адамдарды ұстау;

2) қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін көлік және жүзу құралдарын тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.

4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының және қорықшылардың қызметтік қаруды:

1) әрекеттері өздерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін адамдардың қарулы шабуылына тойтарыс беру;

2) егер адам талаптарға бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату және ұстау;

3) жануарлардың шабуылынан қорғану және дабыл сигналдарын беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.

5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану кезінде: