«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 Қаулысы
(2015.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығын қараңыз
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабының 2-тармағына, 507-бабының 6-тармағына, 511-бабының 4-тармағына, 547-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4) тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 401 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) консулдық мекемелердің консулдық алымды қолма-қол ақшамен қабылдауы үшін қатаң есептілік бланкісінің нысаны;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің нысаны;
4) ҚР Үкіметінің 2015.04.06. № 401 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.