Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 Қаулысы
(2018.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2016.06.06. № 332 Қаулысымен тақырбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.06.06. № 332 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.
2. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы № 252 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 133-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.