2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 шешімі
(2020.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020.05.02. № 502 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.26.02. № 508 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.31.03. № 522 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.05.06. № 526 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 235 260 340,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 213 275мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 567 268 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 196 479 797,9 мың теңге;
2) шығындар - 241 517 545 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 38 088 932,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -48 203 345 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 114 412,2 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу -0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 44 346 136,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 44 346 136,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 47 943 023 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 612 992,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 016 106 мың теңге.