5) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттің жəне Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістерін ұлғайту;
6) халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
7) туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
8) туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесін ескеру, табиғи жəне тарихи-мəдени мұраларын қорғау;
9) туристік индустрияға инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ішкі туризм мен келу туризмін қолдау жəне дамыту;
2) ішкі жəне халықаралық туризм қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
3) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтары арасында туристік жəне экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
4) жаңа жұмыс орындарын ашуға жəне халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесу;
5) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жəне олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуы;
6) ішкі жəне əлемдік туристік нарықтарда туристік өнімді ілгерілету;
7) елдің туристік ресурстарын ұтымды жəне тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
4) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнаулы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі - арнаулы шот) аударылуға жататын ақша сомасын бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
11) - 15) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) - 20) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1) - 20-4) тармақшалармен толықтырылды
20-1) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 20-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін туристерді тасымалдау жөніндегі туристік қызметтер көрсету қағидаларын қоспағанда, туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
20-6) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-7) тармақшамен толықтырылды
20-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-8) тармақшамен толықтырылды
20-8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-9) тармақшамен толықтырылды
20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
20-10) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-11) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-13) тармақшамен толықтырылды
20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-14) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-14) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-15) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-15) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-15) танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу жəне реконструкциялау кезінде кəсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-16) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-16) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-16) кəсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техника тізбесін бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-17) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 20-17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-18) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-18) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-18) кəсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы жəне оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-19) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-19) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-19) кəсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін жəне оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-20) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-20) туристік қызметті жүзеге асыратын кəсіпкерлік субъектілерінің жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегiзден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекітеді;
20-21) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-22) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-23) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-24) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-25) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 20-26) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
20-26) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес туристік қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 20-27) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
20-27) гидтердің, экскурсия жүргізушілердің жəне туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
13) туристік ақпарат орталығын құрады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-2) Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ерекше мəртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидтерді, экскурсия жүргізушілерді жəне туризм нұсқаушыларын қоспағанда, гидтерді, экскурсия жүргізушілерді жəне туризм нұсқаушыларын кəсіптік даярлауды ұйымдастырады;
13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды; 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-5) тармақша өзгертілді
13-5) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын туризм объектілерін салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-6) тармақшамен толықтырылды
13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды
13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-8) тармақша өзгертілді
13-8) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-9) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-10) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-12) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-12) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-13) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13-13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-13) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субтектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 13-14) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-14) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды жəне оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 13-15) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-15) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 13-16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-16) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 13-17) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
13-17) кəсіпкерлік субъектісі шығындарының бір бөлігінің өтемін алған күннен бастап бес жыл ішінде танытым орталықтарының, туристерді орналастыру орындарының, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың, жол бойындағы сервис объектілерінің, жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегiзден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарының иеліктен шығарылмауына жəне нысаналы пайдаланылуына, сондай-ақ шығындардың бір бөлігін субсидиялауды алу кезеңінде санитариялық-гигиеналық тораптардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес ерекше мəртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы туризм объектілерінің жəне сол аумақта қызметін жүзеге асыратын кəсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 13-18) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
13-18) басым туристік аумақтар шекараларының шегін айқындайды;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 13-19) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
13-19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде əзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың даму жоспарларына ішкі туризм мен келу туризмін дамыту жөніндегі бағыттар мен іс-шаралардың енгізілуін қамтамасыз етеді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
3) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi;