«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді

5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жері жол органдарының немесе өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.

2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді, талшықты-оптикалық байланыс желілерін, автоматтандырылған өлшеу станцияларын қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар тартуға тыйым салынады.

Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жұмыстар жүргізілген кезде ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстардың және (немесе) тіреуіштердің иелері оларды ауыстыруды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілуі мүмкін.

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасында көзделген тәртіппен орналастырылады.

2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бөлiнген белдеудiң шекараларында орнатылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектілері, өзге де ақпараттық белгiлер мен нұсқағыштар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және орнатылуға тиiс.

3. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару

 

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:

1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) - 5-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) - 8-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-2) Ұлттық операторды және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығын құру;

8-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды

8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

8-5) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімдерді қабылдау, олардың негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының меншігіне сату жүзеге асырылады;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9 тармақшамен толықтырылды

9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi

1. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:

1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыру;

 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;

3) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;

6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;

7) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

7-2) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;

12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) тармақша жаңа редакцияда; 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу жəне күтіп-ұстау кезінде көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар мен материалдар сапасына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының сараптама жүргізуін ұйымдастыру;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда

16) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру үшін беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тəртібі мен талаптарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелер мөлшерін əзірлеу;

17) - 20) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 21) тармақша өзгертілді

21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және кеңейту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 22) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;

23) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды

24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту;

26) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27) тармақша өзгертілді

27) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды үйлестіру;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

27-1) жол бойындағы сервис объектілерін дамыту жоспарын бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

27-2) бюджет қаражаты тартылмай бой көтеретін жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша конкурстар өткізу қағидаларын бекіту;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылды

28) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

29) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;

30) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;

32) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен олардың мөлшерлемелерін әзірлеу және бекіту;

33) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;

34) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 36-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36-1) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 36-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36-2) автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

37) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

38) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 38-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу және бекіту;

2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39) халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін əзірлеу, диагностикалау жəне паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру;

 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды

40) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды

41) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды; 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

42) автомобиль жолдарын жөндеуді жоспарлаудың цифрлық жүйесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

42-1) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын бекіту;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 42-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

42-2) жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру тəртібін бекіту;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43) тармақша өзгертілді

43) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 44) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

44) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 45) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

45) диагностикалау және аспаптық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді қаржыландыру үшін жобаларды жоспарлау және іріктеу қағидаларын бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 46) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

46) автомобиль жолдарын паспорттау қағидаларын бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 47) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

47) жол активтерінің цифрлық платформасының жұмыс істеуі, оны толықтыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 48) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

48) орташа жөндеу жүргізудің цифрлық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 49) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

49) автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау қағидаларын бекіту жатады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қалалық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қалалық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)

1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қалалық) атқарушы органдардың қарауына:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2-1) елді мекендерден тыс жердегі туристік ресурстарға, туризм объектілеріне дейін облыстық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;