(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. 10.01.03 Ж. № 15 БҰЙРЫҒЫ

Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекiту туралы Қазақстан

Республикасының Білім және ғылым министрінің

2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығы

Осы редакция 2004 ж. 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жоғары біліктi кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар беру ережелерi бекiтiлсiн.

2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды аттестаттау мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтiрсiн.

3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге тапсырсын.

4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізiледі.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі мiндетiн атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы "Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекiту туралы" N 421 бұйрығы күшiн жойды деп саналсын.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр F.M. Мұтановқа жүктелсін.

Министр

Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым Министрiнiң

2003 жылғы 10 қаңтардағы

N 15 бұйрығымен бекiтiлген

ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Ережелер терең кәсiби бiлiмдi, ғылыми және ғылыми-педагогтiк қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген тұлғаларға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртiбiн белгiлейдi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.