2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешімі
(2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011.05.03. № 46/393-4с шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.29.03. № 47/398-4с шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.05. № 49/409-4с шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.08. № 53/434-4с шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.10. № 57/464-4с шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 44 206 997 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 20 607 489 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 107 449 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 592 745 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 21 899 314 мың теңге;
2) шығындар - 51 205 200 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 558 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 558 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы - -6 986 645 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 6 986 645 мың теңге, оның ішінде, қарыздар түсімі - 6 972 141 мың теңге, қарыздарды өтеу - 699 000 мың теңге, бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 713 504 мың теңге.