2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешімі
(2011.25.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357 Заңына және «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011.28.01. № 324 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.03. № 339 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.27.04. № 351 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 365 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 383 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2011 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 27 727 089,5 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 329 308, 0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 624 845, 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 843 600, 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 929 336, 5 мың теңге;
2) шығындар - 29 760 669,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 теңге,
оның ішінде: