Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 235 бұйрығына өзгерістер мен түзетулер енгізу және азаматтық хал актілері саласы бойынша мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 390 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабын, «Әділет органдары туралы» Заңының 7 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;