2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII шешімі
(2025.30.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы мәслихатының 2025.30.04. № 27/180-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 358 644 016,4 мың теңге:
салықтық түсімдер - 13 248 478,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 084 173,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 342 311 365,4 мың теңге;
2) шығындар - 358 220 317,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 11 468 022,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 16 009 792,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11 044 322,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11 044 322,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 15 679 042,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 052 945,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 418 225,8 мың теңге.
2. 2025 жылға:
Бородулиха ауданының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 60 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 62 пайыз;
Семей қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 96 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 96 пайыз;