Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VI бөлім Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері

Мазмұнын қара

 

VI бөлім

Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері

 

Ескертпелер:

1а. 2844 немесе 2845-тауар позицияларына сәйкес келетін тауарлар (радиоактивтік рудалардан өзгешеленетін) Номенклатураның қандай да бір басқа тауар позицияларына емес, осы тауар позицияларына енгізілуі тиіс.

1б. 2843 немесе 2846-тауар позицияларына сәйкес келетін тауарлар, 1а ескертпесіндегі ережелердің шарттары сақталған жағдайда осы бөлімнің қандай да бір басқа тауар позицияларына емес, осы тауар позицияларына енгізілуі тиіс.

2. Өлшеп салынған немесе бөлшек сауда үшін жеткізілген 3004, 3005, 3006, 3212, 3303, 3304, 3305, 3306, 3307, 3506, 3707 немесе 3808-тауар позицияларына жататын тауарлар 1а және 1б ескертпелеріндегі ережелердің шарттары сақталған жағдайда Номенклатураның қандай да бір басқа тауар позицияларына емес, осы тауар позицияларына енгізілуі тиіс.

3. Екі немесе одан көп жеке құрамдас бөліктерден тұратын олардың кейбіреулері немесе барлығы аталған бөлімге енгізілетін және VI немесе VII бөлімдерге жататын өнімді алу мақсатында араластыруға арналатын жиынтықтағы тауарлар аталған құрамдас бөліктердің:

а) оларды орау тәсілдері ескеріле отырып, алдын ала қайтадан орау немесе қайта өлшеусіз бірлесіп пайдалануға арналуы;

б) бірге жеткізілуі; және

в) не табиғаты бойынша, не өздері бірін-бірі толықтыратын құрамдас бөліктер ретінде ұсынылған салыстырмалы пропорциялар бойынша бірдейлендірілуі шартымен осы өнім үшін тиісті тауар позициясына енгізіледі.

 

28-топ

Органикалық емес химия өнімдері; органикалық емес немесе

органикалық қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін

металдардың, радиоактивтік элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары

 

Ескертпелер:

1. Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, осы топтың тауар позициясына:

а) жеке химиялық элементтер және қоспасы бар немесе қоспасы жоқ белгілі бір химиялық құрамының жеке қосылыстары;

б) жоғарғы а) тармағында көрсетілген суда ерітілген өнімдер;

в) еру аталған өнімдердің оларды дәстүрлі мақсаттардан ерекшеленетін өзгеше пайдалануға жол бермейтін қасиеттерін сақтай отырып оларды сақтаудың немесе тасымалдаудың әдеттегі және қажетті шарты болып табылуы шартымен, жоғарыда а) тармағында көрсетілген, басқа еріткіштерде еріген өнімдер;

г) олардың сақталуы немесе тасымалдануы үшін қажетті тұрақтандыратын заттардың (қадағалауға қарсы агентті қоса алғанда) қосылуымен жоғарыдағы а), б) немесе в) тармақтарында көрсетілген өнімдер;

д) оларды бірдейлендіруді жеңілдету үшін немесе қауіпсіздік мақсатында шаңға қарсы заттар немесе бояғыш заттар қосыла отырып, аталған өнімдердің оларды дәстүрлі мақсаттардан ерекшеленетін өзгеше пайдалануға жол бермейтін қасиеттері сақтала отырып, жоғарыдағы а), б), в) немесе г) тармақтарында көрсетілген өнімдер енгізіледі.

2. Органикалық заттармен тұрақтандырылған дитиониттер мен сульфоксилаттардан (2831 тауар позициясы), карбонаттар мен органикалық емес негіздегі пероксокарбонаттардан (2836 тауар позициясы), цианидтер, оксид цианидтер және органикалық емес негіздегі кешендік цианидтерден (2837 тауар позициясы), фульминаттар, цианаттар және органикалық емес негіздегі тиоцианаттар (2838 тауар позициясы), 2843-2846 тауар позицияларына енгізілген органикалық өнімдерден басқа, сонымен қатар карбидтерден басқа (2849 тауар позициясы) осы топқа көміртектің тек мынадай қосылыстары енгізіледі:

а) көміртек оксиді, сутек цианиді, изоциандық, тиоциандық және басқа қарапайым немесе кешендік циан қышқылдары (2811 тауар позициясы);

б) көміртектің галогенид оксиді (2812 тауар позициясы);

в) көміртектің дисульфиді (2813 тауар позициясы);

г) тиокарбонаттар, селенокарбонаттар, теллурокарбонаттар, селеноцианаттар, тетратиоцианатодиамминохроматтар (рейнекаттар) және басқа кешендік органикалық емес негіздегі цианаттар (2842 тауар позициясы);

д) несептермен қатырылған сутектегі пероксиді (2847 тауар позициясы), көміртектес оксисульфиді, тиокарбонилгенидтер, циан, циангалогенидтер, цианамид және оның метақұрушылары (2851 тауар позициясы), таза түрде де, қоспа түрде де кальцийлі цианамидтен басқа (31 тобы).

3. VІ-бөлімге 1-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда осы топқа кірмейтіндер:

а) натрий хлориді немесе магний оксиді, таза немесе қоспасы, сонымен қатар V бөлімнің басқа өнімдері;

б) органикалық-органикалық емес қосылыстар, осы топқа жататын 2-ескертпеде көрсетілгендерден басқа;

в) 2, 3, 4-ескертпелерде көрсетілген немесе 31-топқа жататын өнімдер;

г) 3206 тауар позициясындағы люминофорлар түрінде қолданылатын органикалық емес өнімдер; 3207 тауар позициясындағы шыны тәріздес фритта және ұнтақтағы, түйірдегі және қауыздағы шыны;

д) жасанды графит (3801 тауар позициясы); өрт сөндіргіштердегі зарядтар үшін қолданылатын немесе өрт сөндіру үшін гранаталар құрамына кіретін өнімдер (3813 тауар позициясы); сия дақтарын кетіруге арналған құрамдар, бөлшек сауда үшін буылған (3824 тауар позициясы); 3824 тауар позициясының әрқайсысының салмағы 2,5 г. кем емес сілтілік галогенидтердің немесе сілтілік-жер металдардың жасанды өсірілген кристалдары (оптикалық элементтерден басқа);

е) қымбат немесе жартылай қымбат тастар (табиғи, жасанды немесе қайта жасалған), сонымен катар сол тастардың үгінділері мен ұнтақтары (7102-7105 тауар позициялары), немесе қымбат металдар, немесе 71-тобындағы қымбат металдардың қорытпалары;

ж) металдар, таза немесе қоспасы бар, олардың қорытпалары немесе металл қышы, металдардың күйежентектелген карбидтерін қоса алғанда, VI бөлімдегі, немесе

з) оптикалық элементтер, мысалы сілтілік немесе сілтілік-жер металдарының галогенидтері (9001 тауар позициясы).

4. II топшадағы металл еместерде құралған, қышқылдан тұратын белгіленген химиялық құрамның кешенді қышқылдары, және IV топшасы металымен құралған 2811 тауар позициясына енгізілетін қышқылдар.

5. 2826-2842 тауар позицияларына тек металдардың тұздары немесе аммоний немесе пероксотұздар енгізіледі.

Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, қос немесе кешенді тұздар 2842-тауар позициясына енгізіледі.

6. 2844-тауар позициясына тек мыналар:

а) технеций (реттік нөмірі 43), прометий (реттік нөмірі 61), полоний (реттік нөмірі 84), және реттік нөмірлері 84-тен жоғары барлық элементтер;

б) табиғи немесе жасанды радиоактивті изотоптар (XIV және XV бөлімдерінде көрсетілген қымбат бағалы немесе қымбат бағалы емес металдардың изотоптарын қоса) қоспа немесе жеке түрінде;

в) осы элементтер мен изотоптардың органикалық немесе органикалық емес, белгіленген немесе белгіленбеген химиялық құрамының қоспа немесе жеке түрдегі қосылыстары;

г) қорытпалар, дисперсиялар (металл қышты қоса алғанда), осы элементтер мен изотоптарды құрайтын қыш өнімдері, сонымен қатар аталған элементтер мен изотоптардың үлестік радиоактивтілігі 0,002 мкКи/г (74 Бк/г) аспайтын органикалық емес және органикалық қосылыстар;

д) ядролық реакторлардың істен шыққан (сәулелендірілген) жылу шығарушы элементтері (твэлдер);

е) пайдалануға жарамды немесе жарамсыз радиоактивтік қалдықтар енгізіледі.

Осы ескертпелерде және 2844, 2845 тауар позицияларындағы изотоп термині мынаны білдіреді:

- жеке нуклидтер, табиғатта бар моноизотоптық жағдайдағы нуклидтерді қоспағанда;

- бір элемент изотоптарының қоспасы, жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше изотоптармен қорландырылған, яғни жасанды өзгертілген табиғи изотоптық құрамдар.

7. 2848 тауар позициясына фосфордың 15 %-дан салмағын құрайтын мыстың фосфиді енгізіледі.

8. Электроникада қолданылатын химиялық элементтер (мысалы, кремний мен селен) одан әрі өңдеусіз керілген қалыпта немесе цилиндр, немесе стержень қалыпта берілсе осы топқа енгізіледі. Егер олар диск, пластина немесе осыған ұқсас түрде берілсе, онда 3818 тауар позициясына енгізіледі.

Қосымша ескертпе:

1. Егер өзгеше келісілмесе, қосалқы позицияларда көрсетілген тұздар қышқыл тұздар мен негізгі тұздарды қамтиды.