2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар) (үзінді) (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

170-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның

қызметін қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1991673 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бір миллион алты жүз жетпіс үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы; 1944 жылғы 7 желтоқсандағы халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың және қоғамның көлік және коммуникация қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді әрі технологиялық жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-коммуникация кешенін дамытудың мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзірлеу; заңнамалық кесімдерді, заңнаманың қолданысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша көлік-коммуникация кешені саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, техникалық шарттарды және өзге де нормативтерді әзірлеу және қабылдау; болжамдар әзірлеу және мемлекеттік мұқтаждардың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға деген қажеттіліктерін уақтылы сапалы қамтамасыз ету; Үкіметтің шешімі бойынша көлік- коммуникация кешенінің заңды тұлғаларының акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және үлестеріне иелік етумен және пайдаланумен байланысты қызметтерді жүзеге асыру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес-кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қызмет ететін көліктік-коммуникация саласын нығайту және дамытуға байланысты бірқатар іс-шараларды мониторингілеу, болжау және орындау; 76 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, оның ішінде аумақтық органдардан 44 адам, 387 адамды мемлекеттік тілге оқыту; 41 адамды ағылшын тіліне оқыту.

Түпкі нәтиже: көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау және оңтайландыру;

бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілікті арттыруға - 28 мың теңге, мемлекеттік тілді оқытуға - 22,1 мың теңге және ағылшын тілін оқытуға 17,7 мың теңге.

Уақтылығы: бекітілген жоспарлармен, жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыту курсынан кейін қазақ тілі бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 30 пайыз; ағылшын тілін оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 4 пайыз; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 1-3 пайыз; көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесінің (құру) жұмыс істеуі, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

171-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 86249200 мың теңге (сексен алты миллиард екі жүз қырық тоғыз миллион екі жүз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз, үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін қалпына келтіру және дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында пайдалануға енгізу арқылы жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу.

Түпкі нәтиже: автожолдардың технико-экономикалық жай-күйінің сапасын жоғарылату, республикалық және халықаралық қатынастардағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға енгізу.