7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мәдениеттің ғылыми-әдістемелік қорын нығайту және саланы дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау;
мәдени саясат және этносаралық қатынас саласында 8 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер өткізу, еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 2 тақырып бойынша ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру;
жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған мұражайтану саласында 8 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
27 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру: 1. Бұзоқ қалашығы, 2. Қойлық қалашығы, 3. Талғар қалашығы, 4. Сарайшық қалашығы, 5. Қызыл Ойық әулиетамы, 6. Берел әулиетамы, 7. Шілікті әулиетамы, 8. Мерке әулиетамы, 9. Жайсан әулиетамы, 10. Ақыртас қалашығы, 11. Ақтөбе қалашығы, 12. Тоқтауыл бекеті, 13. Айбас дарасы елді мекені 14. Кент елді мекені, 15. Талдысай елді мекені, 16. Некрополь Чирик Рабат, 17. Тоқсанбай елді мекені 18. Жуан төбе қалашығы, 19. Қараспан төбе қалашығы, 20. Шымкент қалашығы, 21. Сауран қалашығы, 22. Сидақ қалашығы, 23. Отырар қалашығы, 24. Бөріжары моласы, 25. Қошқорған І-III бекеті 26. Шоқтас бекеті, 27. Қырық-Оба сарматтар моласы;
23 нысан бойынша жаңа зерттеулер: Дандыбай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері (1. Қарамеңді, 2. Беғазы, 3. Едрей), 4. Түркістан қалашығы, 5. Майбұлақ бекеті, 6. Қосқұдық, неолиттік елді мекені, 7. Некрополь және Түрген елді мекені, 8. Ежелгі және орта ғасырлық Жанкент - оғыздар астанасы, 9. Хан Ордасы кешені Жошы ұлысының астанасы, 10. Бұланды қалашығы, 11. Арал Асар, 12. Сарыкөл түрік мәдени кешені, 13. Орта ғасырлық көшпенділердің Ой-Жайлау мәдени кешені, 14. Ешкіөлмес әулиетамы, 15. Тамғалы, 16. Арпа Өзен, 17. Қойбағар, 18. Қарақыр, 19. Шу-Іле таулары, 20. Қаратау тауының оңтүстік баурайы, 21. Тілеубалақ, 22. Қазақстанның жартастардағы таңбалары, 23. Әулиекөл қалашығы.
"Көне Отырарды қалпына келтіру" бағдарламасы аясында археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 520-ға тарта қолжазба, 65 сирек кездесетін қолжазба, 420-ға жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Түпкі нәтиже: мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми жобаны іске асырудың орташа шығын құны 11 936,0 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра нысандарына келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
67-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24397 мың теңге (жиырма төрт миллион үш жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Үкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, сәулет және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық, қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту; демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер, сәулет саласындағы үздік жариялымдары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар төлеу:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы;
Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар;
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар - 50 бірлік.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемнің орташа шығыны:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6000 АЕК;
Президенттік бір сыйақы - 1092 мың теңге;
Президенттік бір грант - 1092 мың теңге;
Мемлекеттік бір стипендия - 20 АЕК.
Уақтылығы: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет жұмысында мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
68-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте қалдыру»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.
Түпкі нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.
Уақтылығы: қажетті шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
69-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 690792 мың теңге (алты жүз тоқсан миллион жеті жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4 , 6 , 16, 17, 19, 21, 23,25-баптары; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
- Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту;
- біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- қазақ терминологиясын жетілдіру;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету;
- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық жағдайларды жасау;
- шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: