7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақыларды және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- Ынтымақты зейнетақы: 2008 ж. - 1640,6 мың адам, 2009 ж. - 1644,4 мың адам, 2010 ж. - 1645,1 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін алушылар: 2008 ж. - 1669,2 мың адам, 2009 ж. - 1676,7 мың адам, 2010 ж. - 1680,3 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,6 мың адам.
Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 9 пайызға көбейту, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табысқа қойылатын шектеуді 15-тен 25-мәрте айлық есептік көрсеткішке арттыру және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге 4210 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері: 2008 ж. - 7900 теңге, 2009 ж. - 8598 теңге, 2010 ж. - 9372 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері: 2008 ж. - 13660 теңге, 2009 ж. - 14889 теңге, 2010 ж. - 16229 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: 2008 ж. - 4210 теңге, 2009 ж. - 4334 теңге, 2010 ж. - 4637 теңге;
- зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге.
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
147-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 79 554 000 мың теңге (жетпіс тоғыз миллиард бес жүз елу төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жасына байланысты;
- мүгедектігі бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 411,5 мың адам, 2009 ж. - 411,8 мың адам, 2010 ж. - 411,8 мың адам;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 230,5 мың адам, 2009 ж. - 232,3 мың адам, 2010 ж. - 233,0 мың адам;
- жасына байланысты: 2008 ж. - 14,0 мың адам, 2009 ж. - 16,3 мың адам, 2010 ж. - 18,9 мың адам.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірісін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері:
- мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 10 674 теңге, 2009 ж. - 10 943 теңге, 2010 ж. - 11 603 теңге;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 9 383 теңге, 2009 ж. - 9 664 теңге, 2010 ж. - 10 234 теңге;
- жасына байланысты: 2008 ж. - 5 258 теңге, 2009 ж. - 5 417 теңге, 2010 ж. - 5 797 теңге.
Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
148-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42135859 мың теңге (қырық екі миллиард бір жүз отыз бес миллион сегіз жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін уақытылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: