«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

16-2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;

3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды

4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;

4-2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген, этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде «Ата жолы» картасын алуға үміткерлерді қоса алғанда, этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;

6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

4-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылды; 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-2) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

4-3) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;

4-4) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-5) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;

5) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» цифрлық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;

5-2) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекітеді;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;

8) 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;

9-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін әзірлейді, бекітеді;

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;

11) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азамат тығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) көшіп-қонушылардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті цифрлық объектілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;

14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

14-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-4) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-5) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 14-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-8) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін айқындайды;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;

3) шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) этникалық қазақтар мен қандастарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті

1. Ұлттық қауіпсіздік органы:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;

3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетел азаматтарының баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;

5) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетел азаматтарының баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың - Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.

 

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;

6) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылды; 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

6-2) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;

6-4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

6-5) 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-7) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-7) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-8) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетеді;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-9) «Ата жолы» картасын беру туралы шешім қабылдайды;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-10) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-11) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азамат тығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;

7) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) қандас куәлігін береді;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;

12) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;

14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;

3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;

4) қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;

5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу

 

16-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

17-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

17-1-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

18-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

19-бап. 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен қандастардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.