«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Кодексі (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;

4) «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:

шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;

республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

 

69-бап. Арнаулы мемлекеттік қор

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Арнаулы мемлекеттік қор - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және оларды жұмсау үшін осы Кодекске сәйкес мемлекеттік қазына шылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын трансферт түрінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде республикалық бюджетке жіберуге жол беріледі.

2. Мыналар Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер болып табылады:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардан Арнаулы мемлекеттік қордың мақсаттарына мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі негізінде тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті өткізуден мемлекеттік меншікке түскен ақша;

4) ақша, оның ішінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған мүлікті өткізуден түскен ақша;

5) басқарушы компанияның меншігіне өзге мүлікті өткізуден түскен не Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен ақша.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

4. Арнаулы мемлекеттік қордың нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:

шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;

республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

 

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІК

 

4-БӨЛІМ. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКІТУ,

НАҚТЫЛАУ, ТҮЗЕТУ, СЕКВЕСТРЛЕУ

 

14-тарау. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

70-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтауға негізделген, бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, секвестрлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті жоспарлау болып табылады.

2. Бюджет түсімдерін жоспарлау осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалатын түсімдер болжамының негізінде жүзеге асырылады.

Байланысты гранттарды өтеусіз техникалық көмек түрінде алған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда бюджетке түсетін түсімдерді тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны түрінде көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) көзделуге тиіс.

3. Бюджет шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарға шолу, осы Кодекстің 43, 44, 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде азаматтардың бюджет қаражатын бөлуге қатысуы (халық қатысатын бюджет) қамтамасыз етіледі.

Халық қатысатын бюджетті іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар бекіткен заттай нормалардың ережелері жергілікті атқарушы органдарға қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін орталық салалық мемлекеттік органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларымен нормаланбаған шығыстар бойынша әзірлеуіне жол беріледі.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін заттай нормаларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Ең төмен стандарттар - кепілдіктер мен құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көрсетілетін қызметтердің, ақшалай төлемдердің және өзге де талаптардың ең аз көлемі.

Ең төмен стандарттар желінің ең төмен нормативтері міндетті түрде қолданыла отырып әзірленеді.

Ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төмен стандарттарын тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу тәртібін және оған мониторинг жүргізу тәртібін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

4. Бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға жүктеледі.

5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар тиісті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз етеді.

6. Ағымдағы қаржы жылында қабылданған, әкімшілік-аумақтық бірліктерді құруға және таратуға, олардың шекараларын белгілеуге және өзгертуге, оларға атау беру мен олардың атауын өзгертуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, жергілікті өкілді органдардың шешімдерін, жергілікті атқарушы органдардың актілерін іске асыруға республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекет міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар осы Кодекстің 148 және 149-баптарында белгіленген талаптар сақтала отырып жоспарланады, бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде міндетті түрде қаржыландырылады және секвестрлеуге жатпайды.

7. Бюджетті жоспарлау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

8. Бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдері мыналар болып табылады:

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізу;

заттай нормаларды әзірлеу;

бюджеттік сұранымды жасау және ұсыну;

республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу;

бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету.

 

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

71-бап. Бюджетті жоспарлау процесі

1. Бюджетті жоспарлау процесінің рәсімдеріне:

1) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жіберуі;

2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындауы және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізуі;

3) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды жасауы;

4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

5) мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға қарауға ұсынуы;

6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарауы, лимиттерге және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асыруы;

7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның белгіленген лимит пен бюджеттік сұраным арасындағы алшақтықтарды жою үшін шаралар қабылдауы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымына қорытындыны қалыптастыруы;

8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарына қорытындыларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына шыға руы және тиісті бюджет комиссиясының олар бойынша ұсыныстар әзірлеуі және қажет болған кезде пысықтауы;

9) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастыруы;

10) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заң жобасын, облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуі;

11) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына енгізуі;

71-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның тиісті жергілікті бюджеттің жобасын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына енгізуі;

13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімдіктің тиісті бюджеттердің жобаларын Қазақстан Республикасының Құрылтайында немесе мәслихатқа енгізуі;

14) Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе тиісті мәслихаттың республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін бекітуі;

15) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру үшін бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің деңгейіне дейінгі есеп-қисаптары бар бюджеттік сұранымдар жасауы жатады.

2. Бюджетті жоспарлау кезінде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылады.

3. Жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттер осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері осы Кодекстің 60-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттің мөлшері осы Кодекстің 61-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарыздарды өтеу жəне оларға қызмет көрсету көлемі осы Кодекстің 28-тарауына сəйкес болжанады жəне бюджет жобасына енгізіледі.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы Кодекстің 17-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобалар осы Кодекстің 29-тарауына сəйкес жоспарланады жəне бюджет жобасына енгізіледі.

8. Бюджеттік кредиттер осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.

9. Бюджетті атқару процесінде осы Кодекстің 18 және 19-тарауларына сәйкес бюджетті нақтылау, түзету, секвестрлеу жүргізілуі мүмкін.

10. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы ахуалында осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес төтенше мемлекеттік бюджет әзірленеді.

11. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеу мен қарау рәсімдері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес және осы Кодекстің 70-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

 

72-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру

1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, есепке жазу әдісі бойынша макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған таза активтердің қаржылық жағдайы, қозғалысы мен нәтижелері, міндеттемелер, кірістер және шығыстар туралы ақпаратты білдіреді.

2. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте мыналар қамтылады:

1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есеп;

2) қаржылық қызмет нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есеп;

3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есеп;

4) таза активтердің (капиталдың) өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есеп;

5) түсіндірме жазба.

3. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік сұраныммен бір мезгілде ұсынады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұраныммен бір мезгілде ұсынады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігі шығыстар көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұраныммен бір мезгілде қаралады.

4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерді бағалау мен болжамның сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер:

операциялық қызмет нәтижесі;

операциялық қызмет нәтижесі (мұнайға қатысты емес);

таза кредиттеу (қарыз алу);

бюджеттің жалпы сальдосы;

бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес);

ақшаның профициті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы);

ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес);

борыш;

таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады.

5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.

6. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

73-бап. Бюджеттің кірістері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау процесі

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілуі мүмкін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысын алу қажеттілігі туралы талап республикалық бюджет туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы және республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Құрылтайында қарау процесіне де қолданылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлық тары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.

2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу кезінде материалдарға мыналар қоса беріледі:

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оның ішінде іске асырылуы тиісті бюджет шығыстарын ұлғайту, қысқарту және (немесе) қайта бөлу есебінен ұсынылатын жобалар бойынша - тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптары мен негіздемелері;

республикалық немесе жергілікті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шығындарының есеп-қисаптары мен негіздемелері;

мемлекеттік органдарға қосымша функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер берілуіне байланысты республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін қызметті функционалдық талдау нәтижелері және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметін функционалдық талдауға арналған қорытындысы;

жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қорытындысы.

73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде осы Кодекстің 54-бабына сәйкес жасалатын салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп қолданылады.

Республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау осы Кодекстің 29-бабына сәйкес шығыстарды бөлу және осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді беру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

3. Жергілікті өкілді органдардың жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ережелер тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде келесі қаржы жылынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.

4. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі кірістер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін басқа да болжанбайтын салықтық емес түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті қорытындының болуы талап етілмейді.

 

74-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және оларды айқындау тәртібі

1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының лимиті осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының алдын ала шекті жылдық сомасын білдіреді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер, осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг пен нәтижелерді бағалау қорытындылары негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.