«Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығы (2026.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығы

(2026.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.27.08. № 413-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.27.08. № 413-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Болатханұлына):

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін өткізсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, он күнтізбелік күн аралығында ресми баспа беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жариялансын;

3) ресми баспада жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің интернет - ресурсына қойылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.