Көлік логистикасы саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 114 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Пошта байланысының көліктік логистикасы» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жеткізу тізбегіндегі жүктерді тасымалдау бойынша логистикалық қызмет» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Көлік түріне қарамастан жолаушылардың жүктерін немесе багажын тиеу және түсіру» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өндірістік логистика» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жолаушылар тасымалының логистикасы» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Контейнерлік тасымал» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Көліктік-экспедициялық қызметтер» кәсіптік стандарты;