Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы
(2024.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.12.04. № 95 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.02. № 41 бұйрығымен (2024 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;