(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Предыдущая страница

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) осы Заңда көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін үйлестіруді жəне оған əдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-3) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асырады;

2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;

5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

7) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;

8) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекітеді;

9-2) 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10-1) 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-2) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

10-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-4) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-5) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

10-6) 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-7) 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10-8) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асырады;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-9) тұрғын үй қорын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-10), 10-11), 10-12) және 10-13) тармақшалармен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-10) тармақша жаңа редакцияда

10-10) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды бекітеді;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-11) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын әзірлейді және бекітеді;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

10-13) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;

10-14) 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-15), 10-16), 10-17), 10-18), 10-19), 10-20), 10-21), 10-22), 10-23), 10-24), 10-25) және 10-26) тармақшалармен толықтырылды; 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-15) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10-16) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;

10-17) мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;

10-18) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10-19) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

10-20) жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

10-21) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

10-22) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сертификаттау, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау жөніндегі мамандардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысады;

10-23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

10-24) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10-25) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;

10-26) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-27) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 10-28) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-28) тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 10-29) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-29) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын жай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 10-30) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-30) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 10-31) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-32) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-32) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-33) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-33) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-34) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-34) тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою жəне мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кəсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-35) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

10-35) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалға алу ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-36) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

10-36) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тəртібін əзірлейді жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 10-37) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-37) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан əрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 10-38) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-38) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан əрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-41) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-41) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлейді және бекітеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-42) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-42) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-43) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-43) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-44) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-44) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-3-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекiтедi.

2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:

1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;

2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау жəне қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолданады;

2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда жиналыс шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді;

7) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

10) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

13) осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;

14) осы Заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады;

15) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркейді;

16) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асырады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

16-2) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мониторингті жүзеге асырады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

16-3) тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін ақпараттық, консультациялық, əдістемелік көмек көрсетеді;

17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

10-4-бап. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

10-5-бап. 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 10-6-баппен толықтырылды

10-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері мен субъектілері

1. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелерінің бірлестіктері, жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және өзге де субъектілер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылар) болып табылады.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Тұтынушыларды қоспағанда, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылары) бірыңғай есеп айырысу орталығы қалыптастырған деректерді қоса алғанда, деректерді техникалық операторға береді.

3. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерін пайдалану бойынша шығыстарды көтермейді.

 

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-7-баппен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-7-бап. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі

1. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

2. Ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі:

1) бірыңғай республикалық электрондық базаны жүргізуді жəне жаңартып отыруды;

2) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыруды, жүргізуді жəне жаңартып отыруды;

3) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 10-8-баппен толықтырылды (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-8-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары

1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына:

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру;

2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын-жай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;

3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру;

4) тұрғын үй сертификаттарын беру жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) жəне 4) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті атқарушы органдар іске асырады.

 

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-10-баппен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-10-бап. Техникалық оператордың құзыреті

1. Техникалық оператор:

1) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бірлесіп қалыптастырады;

2) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті атқарушы органдардың жобалауға арналған алдын ала өтінімдері мен тапсырмаларын қарайды;

3) сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр энергиясын өндіру, беру жүйесінің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуға бағытталған техникалық-технологиялық шешімдердің сараптамасын жүзеге асырады;