Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің жай-күйін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақталған қаржылық активтерін инвестициялаудан түсетін инвестициялық кірісін;
кепілдендірілген трансферт туралы бюджет қағидасын;
осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін құжаттарда белгіленген нысаналы бағдарларды;
мәлімделетін бюджеттік инвестициялардан түсетін бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасының нәтижелерін;
нысаналы талаптар көлемдерін;
Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сараптама нәтижелерін;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелерін ескере отырып, бетпе-бет және (немесе) сырттай өткізілетін отырыстарда қарайды.
64-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті жасау, ұсыну және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымды таңдау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Аудит жүргізу нәтижелері осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жасайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті бекіткеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есеп осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті жасау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің жай-күйі туралы, жинақталған қаржылық активтерді инвестициялаудан түсетін инвестициялық кіріс туралы, нысаналы талаптарды есепке жазу және оларды төлеу туралы ақпаратты қалыптастырады, ол есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
13-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ
65-бап. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында бюджеттен тыс қорлар құрылады, олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
қатаң нысаналы бағыттылығы болады;
бюджетке енгізілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін пайдаланылады;
қорлардың ақшасы мемлекеттік меншік болып табылады, бюджеттер мен басқа қорлардың құрамына кірмейді.
2. Бюджеттен тыс қорлардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледі.
3. Бюджеттен тыс қорлардың аудитін «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады.
66-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелерін - асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға.
2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметі туралы есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының болжамды және нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:
шоғырландырылған бюджеттің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі;
шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
67-бап. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
2. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі туралы есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының республикалық бюджетпен өзара қатынасы заңды тұлғаларға берілетін трансферттер арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау тәртібін, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
4. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының болжамды және нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:
шоғырландырылған бюджеттің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізіледі;
шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры
1. Жәбірленушілерге өтемақы қоры - Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
2. Мыналар Жәбірленушілерге өтемақы қорына салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;
3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;
4) «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.
3. Жәбірленушілерге өтемақы қорының нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:
шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
69-бап. Арнаулы мемлекеттік қор
1. Арнаулы мемлекеттік қор - Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және оларды жұмсау үшін осы Кодекске сәйкес мемлекеттік қазына шылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын трансферт түрінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде республикалық бюджетке жіберуге жол беріледі.
2. Мыналар Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер болып табылады:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардан Арнаулы мемлекеттік қордың мақсаттарына мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі негізінде тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті өткізуден мемлекеттік меншікке түскен ақша;
4) ақша, оның ішінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған мүлікті өткізуден түскен ақша;
5) басқарушы компанияның меншігіне өзге мүлікті өткізуден түскен не Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен ақша.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Арнаулы мемлекеттік қордың нақты түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат:
шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есептің құрамына енгізіледі;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
4-БӨЛІМ. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКІТУ,
НАҚТЫЛАУ, ТҮЗЕТУ, СЕКВЕСТРЛЕУ
14-тарау. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
70-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтауға негізделген, бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, секвестрлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті жоспарлау болып табылады.
2. Бюджет түсімдерін жоспарлау осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалатын түсімдер болжамының негізінде жүзеге асырылады.
Байланысты гранттарды өтеусіз техникалық көмек түрінде алған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда бюджетке түсетін түсімдерді тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құны түрінде көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) көзделуге тиіс.
3. Бюджет шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарға шолу, осы Кодекстің 43, 44, 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде азаматтардың бюджет қаражатын бөлуге қатысуы (халық қатысатын бюджет) қамтамасыз етіледі.
Халық қатысатын бюджетті іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Орталық мемлекеттік органдар бекіткен заттай нормалардың ережелері жергілікті атқарушы органдарға қолданылады.
Жергілікті атқарушы органдардың тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін орталық салалық мемлекеттік органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларымен нормаланбаған шығыстар бойынша әзірлеуіне жол беріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін заттай нормаларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ең төмен стандарттар - кепілдіктер мен құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көрсетілетін қызметтердің, ақшалай төлемдердің және өзге де талаптардың ең аз көлемі.
Ең төмен стандарттар желінің ең төмен нормативтері міндетті түрде қолданыла отырып әзірленеді.
Ең төмен әлеуметтік стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Инженерлік-коммуникациялық, көліктік инфрақұрылымдардың ең төмен стандарттарын тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу тәртібін және оған мониторинг жүргізу тәртібін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
4. Бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдарға жүктеледі.
5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар тиісті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз етеді.
6. Ағымдағы қаржы жылында қабылданған, әкімшілік-аумақтық бірліктерді құруға және таратуға, олардың шекараларын белгілеуге және өзгертуге, оларға атау беру мен олардың атауын өзгертуге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, жергілікті өкілді органдардың шешімдерін, жергілікті атқарушы органдардың актілерін іске асыруға республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекет міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстар осы Кодекстің 148 және 149-баптарында белгіленген талаптар сақтала отырып жоспарланады, бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде міндетті түрде қаржыландырылады және секвестрлеуге жатпайды.
7. Бюджетті жоспарлау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
8. Бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдері мыналар болып табылады:
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізу;
заттай нормаларды әзірлеу;
бюджеттік сұранымды жасау және ұсыну;
республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу;
бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету.
71-бап. Бюджетті жоспарлау процесі
1. Бюджетті жоспарлау процесінің рәсімдеріне:
1) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жіберуі;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындауы және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізуі;
3) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды жасауы;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
5) мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға қарауға ұсынуы;
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарауы, лимиттерге және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асыруы;
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның белгіленген лимит пен бюджеттік сұраным арасындағы алшақтықтарды жою үшін шаралар қабылдауы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымына қорытындыны қалыптастыруы;
8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарына қорытындыларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына шыға руы және тиісті бюджет комиссиясының олар бойынша ұсыныстар әзірлеуі және қажет болған кезде пысықтауы;
9) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастыруы;
10) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заң жобасын, облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуі;
11) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына енгізуі;
71-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның тиісті жергілікті бюджеттің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына енгізуі;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімдіктің тиісті бюджеттердің жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізуі;
14) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе тиісті мәслихаттың республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін бекітуі;
15) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру үшін бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің деңгейіне дейінгі есеп-қисаптары бар бюджеттік сұранымдар жасауы жатады.
2. Бюджетті жоспарлау кезінде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылады.
3. Жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттер осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері осы Кодекстің 60-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттің мөлшері осы Кодекстің 61-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.
6. Қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдері осы Кодекстің 28-тарауына сәйкес болжанады және бюджет жобасына енгізіледі.
7. Мемлекеттік инвестициялық жобалар осы Кодекстің 29-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу осы Кодекстің 148-бабында белгіленген талаптар міндетті түрде сақтала отырып жүзеге асырылады.
8. Бюджеттік кредиттер осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.
9. Бюджетті атқару процесінде осы Кодекстің 18 және 19-тарауларына сәйкес бюджетті нақтылау, түзету, секвестрлеу жүргізілуі мүмкін.
10. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы ахуалында осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес төтенше мемлекеттік бюджет әзірленеді.
11. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеу мен қарау рәсімдері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес және осы Кодекстің 70-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
72-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру
1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, есепке жазу әдісі бойынша макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған таза активтердің қаржылық жағдайы, қозғалысы мен нәтижелері, міндеттемелер, кірістер және шығыстар туралы ақпаратты білдіреді.
2. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте мыналар қамтылады:
1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есеп;
2) қаржылық қызмет нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есеп;
3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есеп;
4) таза активтердің (капиталдың) өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есеп;
3. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік сұраныммен бір мезгілде ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұраныммен бір мезгілде ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігі шығыстар көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұраныммен бір мезгілде қаралады.
4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерді бағалау мен болжамның сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерде мынадай көрсеткіштер:
операциялық қызмет нәтижесі;
операциялық қызмет нәтижесі (мұнайға қатысты емес);
таза кредиттеу (қарыз алу);
бюджеттің жалпы сальдосы;
бюджеттің жалпы сальдосы (мұнайға қатысты емес);