Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығы
(2021.06.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Қаржы министрінің 2021.06.05. № 433 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.