2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 шешімі
(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020.05.02. № 502 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.26.02. № 508 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.31.03. № 522 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.05.06. № 526 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.10.08. № 554 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.15.10. № 562 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.11.12. № 575 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 223 878 270,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 27 877 326,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 893 562 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 155 500 мың теңге;
трансферттер түсімі - 192 951 882,3 мың теңге;
2) шығындар - 232 433 663,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 29 442 901,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 40 750 870,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 307 969,2 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 37 998 293,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37 998 293,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 46 034 895 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 052 707,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 016 106 мың теңге.