Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Заңы
(2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 мамырдан, 2026 ж. 1 шілдеден, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы
6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
2-тарау. Уəкілетті органның функциялары мен өкілеттіктері
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
13-5-бап. Уәкілетті органның уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
13-6-бап. Қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктер
14-бап. Ақпарат алу және беру жөніндегі өкiлеттiктер
15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
2-2-тарау. Уәкілетті органның жұмыскерлері
15-11-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлері лауазымдарының құрамы
15-12-бап. Уәкілетті органның қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
2-3-тарау. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-18-бап. Банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау ерекшеліктері
15-21-бап. Жазбаша нұсқама жəне санкциялар
2-4-тарау. Іс-қимылды қадағалау
15-22-бап. Қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар
15-23-бап. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-24-бап. 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-25-бап. Қаржы нарығында жосықсыз практикаларға жол бермеу
15-27-бап. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымдарын қарау
15-34-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жосықсыз практикалар - түрлері мен белгілері осы Заңның 15-25-бабының 2-тармағында белгіленген іс-қимылды қадағалау субъектілерінің əрекеттері (əрекетсіздігі);
2) қаржылық көрсетілетін қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кəсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кəсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы - қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының көрсетілетін қызметтерін сатып алу ниеті бар немесе көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
4) қаржы нарығы - қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен жəне олардың айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілеттi орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар - іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық жəне əділ қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен əрекеттер жиынтығы;
7) қаржы нарығындағы кəсіби қызмет - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кəсіпкерлік қызмет;
8) қаржы өнімі - қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет;
9) қаржы ұйымы - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;
11) тексеру материалдары - тексеру барысында жəне нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау органы қалыптастыратын материалдар;
12) уəкілетті агент - іс-қимылды қадағалау субъектісінің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлға, оның ішінде сақтандыру агенті;
13) іс-қимылды қадағалау - уəкілетті органның осы Заңның 2-4-тарауында жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жəне (немесе) олардың уəкілетті агенттерінің əрекеттерімен (əрекетсіздігімен) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алуға, анықтауға жəне жолын кесуге бағытталған қызметі;
14) іс-қимылды қадағалау субъектісі - банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген коллекторлық агенттік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсаты, міндеттерi мен қағидаттары
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негізгі мақсатты іске асыру үшін уəкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың мынадай міндеттері жүктеледі:
1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі жəне олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың жəне халық үшін қаржылық қолжетімділіктің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету;
4) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;
5) қаржылық тұрақтылықты қолдап отыру мақсатында қаржы нарығының тəуекелдерге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
6) осы баптың 1-тармағында көзделген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың жəне қадағалаудың негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған, осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тиісті лицензиясыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Уәкiлеттi органның қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
6-бап. 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, өзі туралы Ереже негізінде әрекет етеді.
Уәкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Уəкілетті орган бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарды əзірлейді, онда уəкілетті орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды уəкілетті органның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уəкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша бекітеді.
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын лауазымға алты жыл мерзімге тағайындайды.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді.
Уәкілетті органның Төрағасына осы Заңда уәкілетті органның Басқармасы үшін айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның қызметi мәселелері бойынша жедел және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiктерi берiлген.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның қызметi үшiн жауапты.
Уәкілетті органның Төрағасы отставкаға кетерден екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кетуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті органның Төрағасын лауазымынан босатады.
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын лауазымға уәкілетті орган Төрағасын тағайындау мерзiмдерiне қарамастан, уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен алты жыл мерзiмге тағайындайды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары уәкілетті орган атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегiнде құжаттарға қол қояды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымынан босатады.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары отставкаға кетерден екi ай бұрын уәкілетті органның Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кете алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Басқарма уәкілетті органның жоғары органы болып табылады.
Уәкілетті органның Басқармасы:
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 3-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қаржы ұйымдарына және өзге тұлғаларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;