«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы (2026.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

22) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;

24) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;

26) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;

27) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;

28) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының құрамдарын жыл сайын бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының жəне облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

32) спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда

33) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын жəне спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

34) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;

37) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

38) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;

41) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

42) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

43) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;

44) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 44-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

45) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;

2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 46) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлейді;

47) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

49) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;

49-1) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;

2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды

50-1) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 50-2) тармақшамен толықтырылды

50-2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

52) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің өлшемшарттары мен мөлшерін бекітеді;

53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;

54) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 56) тармақша өзгертілді

56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;

57) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын әзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

59) 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 60) және 61) тармақшалармен толықтырылды

60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 62), 63), 64), 65) және 66) тармақшалармен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін жəне өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тəртібін әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

62-1) жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін жəне оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тəртібін айқындайды;

63) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

64) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 65-1) - 65-7) тармақшалармен толықтырылды

65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-2) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;

65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 65-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

65-5) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 65-7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 65-8) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

65-8) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 65-9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

65-9) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 65-10) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

65-10) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 65-11) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

65-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 65-12), 65-13), 65-14), 65-15), 65-16), 65-17), 65-18), 65-19), 65-20), 65-21), 65-22), 65-23), 65-24) жəне 65-25) тармақшалармен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

65-12) спорттың ойналатын түрлері бойынша кəсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекітеді;

65-13) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;

65-14) əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уəкілетті органымен, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша əскери-қолданбалы жəне қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;

65-15) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жəне аттестаттауды жүзеге асырады;

65-16) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін əзірлейді жəне бекітеді;

65-17) спорт резервін жəне жоғары дəрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды жəне реконструкциялауды ұйымдастырады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 65-18) тармақшамен толықтырылады (2026 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)

65-19) еңбек жөніндегі уəкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

65-20) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

65-21) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

65-22) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне жəне спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;

65-23) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекітеді;

65-24) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізеді;

65-25) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) аккредиттелген ұлттық жəне (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорттық жарыстарды өткізеді;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларының тізілімін жүргізеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командаларын даярлауды жəне олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық жəне халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының құрамдарын қалыптастырады жəне бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

16-2) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган бекіткен, өңірлер бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;

17) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

18) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

19) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

20) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылды

20-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

20-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 20-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі.